Осымен 13-інші рет өтіп отырған халықаралық романсиада Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен 55 орындаушының басын қосты.
Конкурс Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония залында екі кезеңде өтті. Және «қазақ романсы» аталымы бойынша да өнер жарысы болды.
Қазылар алқасына Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Галина Преображенскаяның жетекшілік еткеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Және қазылар алқасы дарындарға жыл сайын тәнті. «Бұл орталықазиялық жастардың табиғатына тән қасиет. Олар дауысты және дарынды келеді»,- дейді романсиадада осымен төртінші рет қазылық етіп отырған композитор, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Виктор Фридман.
Конкурстың қорытындысы бойынша бас жүлдені иеленген ташкенттік Рахым Мырзакамалов Мәскеуде өтетін романсиадаға жолдама алды.