Ықшамаудан тұрғындары, аула сыпырғыштар мен үй комитеттері басшыларының айтуынша, соңғы бірнеше күн бойы ықшамауданда «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының қазақ тілінде жазылған үнқағаздары табылған. Олар үйлердің аулалары, кіреберістер мен пошта жәшіктерінен табылып отыр. Үнқағаздарда Өзбекстан президенті мен үкіметіне қарсы пікірлер айтылып, наразылық шаралына үндеу жарияланған .
Үнқағаздардың нақты саны мен оларды таратушылар белгісіз болып отыр. Полиция мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметтері бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.