Шымкентте "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздарын таратушы тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздарын таратушы тұтқындалды

Шымкентте "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздарын таратушы тұтқындалды

Шымкентте "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздарын таратушы тұтқындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Маусым 2003
  • 526
Фото - Caravan.kz

Үнқағаздарды таратушы — Шымкенттегі бір Жоғары оқу орнының 5-курс студенті болып шықты. Одан 230-ға жуық үнқағаз тәркіленді. Тұтқындалған күдікті үнқағаздарды өзіне мешіт алдындағы алаңда бейтаныс ер адамның беріп кеткенін, онда жазылған дүниенің мазмұнынан бейхабар екенін жеткізді. Ол барлығы 250 үнқағаз алып, 20-сын таратып үлгергенін мойындады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, елімізде «Хизб-ут-Тахрир» ұйымын жақтаушылардың іс-қызметі биылғы көктемнен бастап жандана бастады. Бұған дейін Шымкентте ұйымның үнқағаздарын таратушы бірнеше адам ұсталған болатын, алайда оларға қандайда бір жаза жүктетілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар