Шымкентте христиандардың зиратында өрт шықты - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте христиандардың зиратында өрт шықты - телеарна

Шымкентте христиандардың зиратында өрт шықты - телеарна

Шымкент. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте христиандардың зиратында өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

  • 11 Тамыз 2008
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Өрт зират аумағында шыққанымен, күшті жел жалынды бейіттерге қарай ойыстырып жіберді. Өрт сөндірушілер келгенімен, онда бәрі жанып кеткен болатын. Аумақтың үштен екі бөлігі зардап шекті», — деп хабарлайды зират қызметкері.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға орнына өрт сөндруші бес топ келген, дегенмен, өрт шарпыған аумақтың үлкендігіне байланысты оны ауыздықтау қиынға түскен. Бейіттердегі көптеген құлпытастарды тіпті қалпына келтіруге болмай қалған.

Өртке қарсы күрес департаментінің мәліметінше, жаздың басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында 3 мың 980 гектар аумақта 24 далалық өрт шықты. 458 гектарда 11 орман өрті тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар