Шымкентте клиент үшін төбелескен автобус жүргізушілері сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте клиент үшін төбелескен автобус жүргізушілері сотталуы мүмкін

Шымкентте клиент үшін төбелескен автобус жүргізушілері сотталуы мүмкін

Шымкентте автобус жүргізушілері жолды бөлісе алмай, жұрттың көзінше жаға жыртысып төбелесті. Green bus компаниясының басшылары қос жүргізушіні де жұмыстан шығарып жібергенін айтып отыр.

  • 3 Мамыр 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz

Ал, полицейлер болса олардың үстінен "Бұзақылық" фактісі бойынша іс қозғап отыр.

Оқиғаны куәгерлердің бірі камераға түсіріп, Интернет желісіне жүктеген. Мұнан кейін іспен ішкі істер органдары айналыса бастады. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның айтуынша, қос автобустың жүргізушісі клиент үшін таласып, жолда жарыс ұйымдастырған. Оның арты төбелеске ұласыпты.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Кеше ғана автобус айдап, отбасын асырап келген екі жүргізуші енді сотталып кетуі де мүмкін.