Жарияланды: 380

Шымкентте көгілдір отын ұрлау оқиғаларын әшкерелеуге қолұшын бергендерге сыйақы тағайындалды

Шымкентте "ҚазТрансГаз" компаниясының Оңтүстік -Қазақстан облыстық газ шаруашылығы басқармасының басшылығы көгілдір отын ұрлау оқиғаларын әшкерелеуге қолұшын бергендерге сыйақы тағайындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ҚазТрансГаз" компаниясының ОҚО газ шаруашылығы басқармасының бас инженері Юрий Пак хабарлады.

Ю.Пактың айтуынша, тұтынушылардың көгілдір отын ұрлауы салдарынан "ҚазТрансГаз" айына 60 млн. теңгенің шығынына ұшырап отыр. Тұтынған көгілдір отын төлемінен жалтарып қалу үшін тұрғындар түрлі айла-шарғыларға барады. Атап айтсақ, газ құбырына білермендікпен қосылу, есептегіш құралдармен түрлі махинациялар жасау т.т. Газ құбырына өз бетімен қосылу немесе басқа да жолдармен көгілдір отын ұрлау туралы деректерді жеткізгені үшін ұрланған газ құнының 30 проценті көлемінде сыйақы төленбекші. Қазір бір текше метр көгілдір отын құны 11,385 теңгені құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін