Шымкентте коллектор құбырын ұрлау салдарынан Бадам өзенінің ластану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте коллектор құбырын ұрлау салдарынан Бадам өзенінің ластану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте коллектор құбырын ұрлау салдарынан Бадам өзенінің ластану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкент полициясының бірінші бөлімі коллектор құбырын ұрлау салдарынан Бадам өзенінің ластану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 29 Наурыз 2004
  • 915
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен аптада Шымкенттің өнеркәсіп аймағында тұратын жергілікті тұрғындар Бадам өзеніне ағызынды лас сулардың құйылып жатқанын көріп хабарлаған. Бұл дабыл бойынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы мен облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары оқиға орнына барды.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, канализациялық ағызынды сулардың өзенге құйылуына алғашқы долбарға сәйкес құбыр жүйесіне мазут құйылып, құбырларды бітеп тастауы емес, канализациялық құбырларды тонау оқиғасы себепкер болған. Қаскүнемдер коллекторға қақпақ қойып, әрбіреуі 100 метрден екі бірдей құбырды кесіп әкеткен. Алдын-ала жорамал бойынша, шығын көлемі 3 млн. теңгеге жетті.
«Су ресурстары маркетинг» ЖШС төрағасының орынбасары Құттыбай Асырауовтың айтуынша, құбыр ұрлау үшін қаскүнемдердің қолында құбырларды қазып алып кесуге мүмкіндік беретін арнаулы техникасы болуы тиіс. Ал канализациялық шұңқырлардың бірінен табылған мазутты ол жерге машинамен жеткізіп төгіп тастаған болуы мүмкін, дейді Қ.Асырауов.
Қазір облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері өзен суының ластану деңгейін анықтауда. Тексеру нәтижелері бірнеше күннен кейін белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар