Бүгін көше тазалаумен және көп қабатты үйлерге қызмет көрсетумен айналысатын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС -нің жұмысшылары тағы да қарсылық акциясын өткізген. Олар бұқара алдында уәде берілгеніне қарамастан, ақша әлі төленбегенін айтуда.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, алғашқы бұқаралық қарсылық акцияларын «ЛТД Тұрмыс» қызметкерлері 20 мамырда өткізген. Олар биылғы жылдың ақпан айынан бері жалақыларын алмағанын айтқан. Сол кезде әкімдік өкілдері ұйымның есепшотына 25 млн теңге аударылды, ақша келесі күні төленеді деп сендірген. Дәлел ретінде төлем құжаттарын көрсеткен.
Алайда, ақша жұмысшыларға дейін жетпеген. Әкімдік өкілдерінің бұл жолғы айтқандарына сенсек, ақша аударылған. Алайда, «ЛТД Тұрмыстың» салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша миллиондаған теңгеге қарыз болуға байланысты салық қызметі кәсіпорын шотындағы қаражатты тұтқындаған.
Қалалық әкімдіктің мәліметтеріне сүйенсек, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС 1200 адам жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті