Шымкентте көп балалы ата-аналар 21 мың теңге үшін ажырасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көп балалы ата-аналар 21 мың теңге үшін ажырасып жатыр

Шымкентте көп балалы ата-аналар 21 мың теңге үшін ажырасып жатыр

Шымкенттік соттар ажырасу туралы өтініштердің астында қалды. Көптеген көпбалалы отбасылардың шаңырағын шайқалтуына басты себеп атаулы әлеуметтік көмекті алу болып отыр.

  • 30 Мамыр 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Көпбалалы аналар ажырастыруды талап етіп соттың алдын бермеуде. Ал әкелері мемлекеттен көмек алу үшін балаларынан бас тартып отыр, — деп хабарлайды Otyrar.kz

Кайрат Ізбасаров, Еңбекші аудандық сотының судьясы: «Ажырасуға өтініш беру көбейіп кетті. Әкеліктен бас тарту да аз емес. Аптасына 10-15 арыз түседі. Біз оларға барынша түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Олардың басты мақсаты — мемлекет тарапынан беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу. Әкеліктен бас тарту ол қайта қалпына келтіруге болмайтын процесс. Соны түсіндіргеннен кейін ғана көбісі арыздарын қайтып алады».

Қалай болғанда да, мемлекеттен берілетін көмекақыға қол жеткізуді көздегендер неден болса да тайынбайтын түрі бар.


Соңғы жаңалықтар