Шымкентте көп қабатты үйлердің 16% жылу таратушылардың қызметін тұтынуға шартқа отырудан бас тартуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көп қабатты үйлердің 16% жылу таратушылардың қызметін тұтынуға шартқа отырудан бас тартуда

Шымкентте көп қабатты үйлердің 16% жылу таратушылардың қызметін тұтынуға шартқа отырудан бас тартуда

Шымкент. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев тұтынушыларға жылу беру және қызмет көрсетуға шарт жасасуды тездетуді тапсырды.Алайда, бүгінде 274 үйдің тұрғындары осындай шарт жасасудан бас тартуда. Бұл туралы қалалық әкімдікте айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Тамыз 2008
  • 359
Фото - Caravan.kz

«Қала тұрғындары өз үйлеріне қызмет көрсету мен жылу беруге дайындау жұмыстарына 3-ші ЖЭО мен тұрғын үй пайдалану басқармасының мамандары тұрғындармен арадағы келісімге қол қойылғаннан кейін ғана кірісетінін ұмытпауы керек. Құжатта пәтер қожайындарының кем дегенде 60%-ның қолдары тұруы қажет», -деп мәлімдеді жылу беруші ұйым өкілдері.

Алайда, өткен жылыту маусымында жылуды дұрыс сапада ала алмаған тұрғындар шартқа қол қоюға келіспей отыр.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Еңбекші ауданы шарт жасасу жұмыстарын 87%, Әл -Фараби ауданы — 62%, Абай — 67% орындаған. Шымкентте барлығы 1714 үй орталықтандырылған жылу алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар