Шымкентте көпбалалы аналар 1 наурыздан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көпбалалы аналар 1 наурыздан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады

Шымкентте көпбалалы аналар 1 наурыздан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады

Шымкентте көп балалы аналар орталығы ашылады. Табысы күнкөріс деңгейіне төмен көп балалы отбасыларға жылына берілетін әлеуметтік көмек деңгейі өседі.

  • 15 Ақпан 2019
  • 157
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2018 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беру кездесуінде көп балалы аналарға қатысты қандай жобалар қолға алынатынын айтып берді. 

"Әрбір көп балалы ана — қаһарман. Балалар — болашағымыз. Барлық көп балалы аналарға алғыс айтамын. Өзім де көп балалы отбасында өстім. Сондықтан көп балалы отбасының не екенін жақсы білемін. Әкем 10 балалы отбасынан, анам 7 балалы отбасынан шыққан. Мен бес балалы отбасында өстім" — деді Ғ. Әбдірахымов. 

Шымкентте 31 мың көпбалалы ана бар. Оның ішінде 2 220 – «Алтын алқа» иелері,  6 056 – «Күміс алқа», 511 – «Батыр ана»,  және 796 – «1-ші және 2-ші дәрежелі орденмен наградталған көп балалы аналар екен. 
 
Әкімнің айтуынша, өкінішке қарай, қаладағы 3 200 көп балалы ананың тұрмысы нашар, яғни табыстары күн көріс деңгейінен төмен. Сондықтан қала әкімдігі көп балалы аналарға қатысты бірқатар жобаны жүзеге асырады. 

«Атап айтқанда, біріншіден, көп балалы аналар үшін арнайы орталық ашамыз. Бұл орталықта тек қана көп балалы аналар бүкіл әкімшілік көрсететін қызметті алады. Екіншіден,  "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарымыз 1 наурыздан бастап қоғамдық көлікте, яғни автобустарда тегін жүретін болады. Бұл 8 наурыз қарсаңында аналарымызға жасаған сыйлығымыз болсын. Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасына тапсырма бердім. Автобус жүргізушілеріне алғыс айтамын. Аналарымызды тегін тасымалдайтындарын айтты. Оның шығынын қала әкімдігі субсидия ретінде өз есебінен төлейді. Үшіншіден, табыстары күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы отбасыларға жылына бір рет берілетін әлеуметтік көмек деңгейін 25 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін көбейтеміз. Бұл ақшаны тамыз айында береміз. Себебі, тамыз айында 1 қыркүйекке балаларды оқуға дайындау басталады. Сонда осы көмек қажет болады», — деді Ғабидолла Әбдірахымов.  

Бұған қоса, қала әкімдігі жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, "Сен жалғыз емессің" жобасын қолға алды. Отырар TV телеарнасының бастамасымен ұйымдастырылатын тележобаға түрлі себептермен баспанасыз көп балалы отбасылар қатысады. Мұнда кәсіпкерлер, тағы басқа жомарт жандар қиындыққа мойымаған отбасына асарлатып үй салып береді. 

"Осы жобаға қолдау білдірген барлық кәсіпкерлерге алғыс айтамын" деген Ғабидолла Әбдірахымовтың айтқан тағы бір жаңалығы – тұрғын үйлерде иіс тиюдің, газдан уланудың алдын алу шараларына бағытталыпты. 

"Бүгінде газдан уланудың алдын алу және тұрмыста газ қолдануды барысындағы қауіпті төмендету үшін 1000 отбасының үйіне газосигнализатор орната бастадық. Бұл құрылғылар сыртқа газ шығып жатса сәтінде газдың беруілуін тоқтатады. Мұндай құрылғыларды аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына тегін орнатамыз" — деді әкім. 

Сондай-ақ, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бүгін уақыт тығыздығына байланысты көп балалы аналармен ертең, 16 ақпан күні сағат 11:00-де әкімдік ғимаратының 2 қабатындағы Үлкен мәжіліс залында кездесу өткізіп, сұрақ-ұсыныстарын тыңдайтынын айтты. 

ТҮСІНІКТЕМЕ: "Алтын алқа" алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады. "Күмiс алқа" алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.