Шымкентте көше сыпырушы қыз-келіншектер құрметке бөленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көше сыпырушы қыз-келіншектер құрметке бөленді

Шымкентте көше сыпырушы қыз-келіншектер құрметке бөленді

Шымкентте көшенің тазалығына қарайтын қыз-келіншектер 8 наурыз мерекесіне орай керемет сыйлық алды.

  • 8 Наурыз 2018
  • 304
Фото - Caravan.kz

Облыстық жастар орталығының еріктілері ертелеп шығып, көше сыпырып жүрген қыз-келіншектерге гүл сыйлап, ыстық шәй мен тәтті тоқаш ұсынды, деп хабарлайды 24.кз.

 Ал өнерлі жастар болса домбыра мен баянның сүйемелдеуінде ән салып, өлең оқып берді. Ертелі-кеш еңбек етіп, қала тұрғындарына тазалық сыйлайтын жандарды ортаға алып, би де биледі. Жастар мұны бізге жасаған жақсылығына қайтарым деп түсіндірді.

Гүлдана Бестаева, жұмысшы:

— Осындай ауыр жұмыста жүрген уақытта гүл сыйлап, құттықтап жатқанына әрине көңіліміз көтеріліп қалды. Өте көтеріліп қалды. Үлкен рақметімді айтамын.

Айбар Камал, ерікті:


— Біздің қаланы тазалап, көңіл-күйімізді көтеріп жатқан аға-әпкелеріміз бар. Соларға алғыс айтып, көшеде концерттік бағдарлама қойып, гүл беріп жатқан жағдайымыз бар.

 

Ұқсас тақырыптар:

Мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көп балалы аналарды марапаттады

8 наурыздың тарихын білеміз бе?

Соңғы жаңалықтар