«Департамент қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон комитеті басқармасының қызметкерін өз жұмыс бөлмесінде 40 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте қолға түсірді»,- деді С.Өтембаев.
Оның айтуынша, басқарма маманы бұл ақшаны жуырда ғана тарихи отанына келген репатрианттан талап еткен. «Бұл ақшаға ол оралманды квота алушылардың тізіміне енгізіп беруге күш салуға уәде берген»,- деді С.Өтембаев. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті