Шымкентте күн райының шұғыл суытуы жеміс-жидектер түсіміне нұқсан келтірмек - ауылшаруашылығы департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте күн райының шұғыл суытуы жеміс-жидектер түсіміне нұқсан келтірмек - ауылшаруашылығы департаменті

Шымкентте күн райының шұғыл суытуы жеміс-жидектер түсіміне нұқсан келтірмек - ауылшаруашылығы департаменті

Шымкентте күн райының шұғыл суытып, сәуірде қалың қар түсуі жеміс-жидектер түсіміне нұқсан келтірмек. Оңтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы департаментінің төрағасы Исмат Тұрсынқұлов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

  • 7 Сәуiр 2004
  • 755
Фото - Caravan.kz

Алайда, әзірге дәл қанша жеміс-жидек ағаштары мен плантацияларын суық ұрғанын тап басып айту мүмкін емес, шығын көлемі кейінірек есептеледі, деді ол. И.Тұрсынқұловтың хабарлауынша сондай-ақ, жүзім плантациялары әлі де толық көктей қойған жоқ, қазір тек жүзімнің ерте пісетін сорттары ғана өсіп тұр, қардан осындай түрлер зардап шегетін болды.

Шымкенттік тілшінің хабарлауынша, 5-сәуір, дүйсенбіде қаладағы сынап бағанасы 31 градус ыстықты көрсеткен. Ал кешке қарай күн райы шұғыл суытқан. Кешқұрым басталып, түні бойы жалғасқан жаңбырдың соңы 6-сәуір күні таңертең қалың қарға ұласты. Күні бойы жауған қардың қалыңдығы 10 сантиметрден асқан. Соның алдындағы күнгі ыстықтан бусанып жатқан жерге түскен қар тез еріп кетті. Түнге қарай Шымкентте ауаның температурасы 0 градусқа дейін төмендеген, бірақ қатқақ болған жоқ. Бүгін, 7-сәуірде облыстың кей жерлерінде сынап бағанасы 0 градустан төмендеді.

Соңғы жаңалықтар