Шымкентте күзетші жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте күзетші жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған

Шымкентте күзетші жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған

Желіде жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған шымкенттіктің видеосы таралды.

  • 7 Шiлде
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.

Кадрларда күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрсып, ағашпен бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Ер адам бұнымен қоймай балаға балағат сөздер айтып, айқайлайды. Ал бала одан кешірім сұрайды. Видеодан жасөспірімнің “Аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!» деген жанды дауысын естуге болады. 

«Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды», — деп жазылған видеода жазбасында.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі адам шошырлық видеоға түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары жанжалдың себебі мен күзетшінің жеке басы туралы деректерді айтпады. Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен. 

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деді ведомство өкілі.