Шымкентте қызын пышақпен тәрбиелеген әйелдің видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қызын пышақпен тәрбиелеген әйелдің видеосы тарады

Шымкентте қызын пышақпен тәрбиелеген әйелдің видеосы тарады

Оңтүстікте жасөспірім қызын пышақпен қуалап, артынан жүгірген әйелдің видеосы пайда болды. Жаға ұстататын оқиға онсыз да әділетсіз сотты бақылап жүрген жұрттың ашуына тиді.

  • 5 Сәуiр
  • 32
Фото: видеодан алынған кадр

Шымкентте қызына пышақпен оқталып, артынан қуып жүрген әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Видеода әйелдің жасөспірімге қарай пышақ ала ұмтылғанын көруге болады. Кейін ол пышақты қыздың бетіне тақайды. 

Қорғануға тырысқан жасөспірім бір мезетте қатты айғайлап жылай бастайды.  Қызының бұл әрекеті әйелді одан сайын ашуландырған сияқты. 

Ол жасөспірімді бірнеше рет шапалақпен ұрып, тіпті басына шелекпен соққы жасай бастайды.  Осы уақытта сытылып шықпақ болған жәбірленуші бетінен тағы бірнеше рет соққы алады. Кейін әйел оны футболкасынан ұстап, жұдырықпен ұрады. 

Жаға ұстатарлық жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған.  Жазбада оқиға осы жылдың 30 наурызында болғандығы айқын көрінеді. 

Видеоны жіберген дереккөз көршісі екенін және «Нұрсат» шағын ауданындағы үйде мұндай жанжалдар көп болатынын айтты. Сондай — ақ, видеодағы туған анасы мен қызы арасында келіспеушілік бар екенін хабарлады. 

«Анасы туған қызына пышақ ала жүгірді. Мен олардың көршісімін. Олар жақында біздің ауданға көшіп келген. Балаларға көмектесіңізші», — деп жазған ол жергілікті телеарнаның редакциясына.

Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген адамдарды анықтады. Бұл факті бойынша 2024 жылғы 31 Наурызда қылмыстық іс қозғалған.  Видеодағы жасөспірім әйелдің бірінші некеден туған қызы. Ол қазіргі уақытта әкесінің қамқорлығында. 

Тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.