Шымкентте мейірбикені зорлаған дәрігер ақталып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте мейірбикені зорлаған дәрігер ақталып шықты

Шымкентте мейірбикені зорлаған дәрігер ақталып шықты

 

  • 21 Қазан 2019
  • 71
Фото - Caravan.kz

Шымкентте жұмыс орнында мейірбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шықты, — деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы редакцияға жауап ретінде Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үйлестіруші судьясы Сәбит Төреханов мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, сот отырысы жабық түрде өтті. 

Сот үкімімен сотталушы «Зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық» баптары бойынша күдіктіге ілініп, бірақ кінәлі емес деп танылды. Ол осы баптар бойынша дәлелденбеген кінәға байланысты ақталып шықты», — деді Сәбит Төреханов.

Төреханов сонымен қатар тергеу іс бойынша жеткілікті айғақтар келтірілмегенін және де «сот-биологиялық сараптаманың нәтижелері мен бес куәгердің мәліметтері жәбірленушінің дәлелдерін растамады» деп атап өтті.

«Сот тергеу барысында көптеген заң бұзушылықтар анықталды, олар бойынша Шымкент қаласының ПД басшысының атына ішкі аудит жүргізу үшін тергеушіге қатысты арнайы бұйрық шығарылды», — деп толықтырды үйлестіруші судья.


Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін "НеМолчи" қоғамдық қорының ерікті заңгері Данияр Жиенбаев Шымкенттегі облыстық клиникалық ауруханада мейірбикенің зорланғаны туралы айтқан болатын. Құқық қорғаушының айтуынша, бұл 16 сәуірде болған. Сол аурухананың нефрологы зорлады деп айыпталды. Жиенбаев сонымен бірге күдіктінің үйленгенін және екі баласы бар екенін айтты. Ол жәбірленушімен татуласуға тырысқаны туралы хабарланды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар