Шымкентте Мекемтас Мырзахметовтың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте Мекемтас Мырзахметовтың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді

Шымкентте Мекемтас Мырзахметовтың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді

Шымкентте Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы және әдебиеттанушы Мекемтас Мырзахметовтың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді.

  • 14 Желтоқсан 2010
  • 635
Фото - Caravan.kz

Қалада осынау атаулы күнге орай «Оңтүстік Қазақстанның және Орталық Азияның рухани мәдениеті: зерттеулер, жарияланымдар және перспективалар» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияға Астана, Алматы, Тараз қаларынан арнайы келген ғалымдар баяндама жасады. Олар мерейтой иесінің 50 жылдан астам уақыт бойы қазақ әдебиетін зерттеумен айналысып келе жатқанын, оның ғылыми-танымдық еңбектері Абайдың, Мұхтар Әуезовтың, Бауыржан Момышұлының туындыларын талдауға арналғанын айтып өтті.

Бүгінде мыңнан астам ғылыми-танымдық еңбек пен жүзден астам кітаптың авторы болып табылатын Мекемтас Мырзахметовтың айтуынша, оның барлық еңбегі, күш-жігері — қазақтың ұлы жазушыларының мұраларын зерттеудегі үлкен сара жолдың басы ғана.