Жарияланды: 420

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында салынған 70 пәтерді несиелендірудің жоқтығынан сату мүмкін болмай отыр

Шымкент. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте несиелендірудің жоқтығынан мемлекеттік бағдарлама аясында салынған 70 пәтерді азаматтар құжаттарын рәсімдеп, бастапқы жарнасын төлесе де ипотекаға ала алмай отыр. Бұл мәселе қалалық әкімдікте өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мәселен, "Астана-Финанс" барлық құжаттары дайын, 10 пайыздық бастапқы жарнасын төлеген 14 азаматқа несие бере алмай отыр", -деді тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор төрағасы Гүлнар Әшірбаева. Қала әкімі Арман Жетпісбаев банкирлер бір аптада несиелендірудегі проблемаларды жоймаса, әкімдік шара қолданады, деп ескертті. Әкімдіктің мәліметінше, 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша салынып жатқан "Нұрсәт" ықшамауданында 6 млрд теңгеге 107 көп қабатты үй салынған. 2008 жылы 498 пәтерден тұратын 22 үй пайдалануға берілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін