Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында салынған 70 пәтерді несиелендірудің жоқтығынан сату мүмкін болмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында салынған 70 пәтерді несиелендірудің жоқтығынан сату мүмкін болмай отыр

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында салынған 70 пәтерді несиелендірудің жоқтығынан сату мүмкін болмай отыр

Шымкент. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте несиелендірудің жоқтығынан мемлекеттік бағдарлама аясында салынған 70 пәтерді азаматтар құжаттарын рәсімдеп, бастапқы жарнасын төлесе де ипотекаға ала алмай отыр. Бұл мәселе қалалық әкімдікте өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қараша 2008
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Мәселен, «Астана-Финанс» барлық құжаттары дайын, 10 пайыздық бастапқы жарнасын төлеген 14 азаматқа несие бере алмай отыр», -деді тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор төрағасы Гүлнар Әшірбаева.

Қала әкімі Арман Жетпісбаев банкирлер бір аптада несиелендірудегі проблемаларды жоймаса, әкімдік шара қолданады, деп ескертті.

Әкімдіктің мәліметінше, 2005 — 2007 жылдары мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша салынып жатқан «Нұрсәт» ықшамауданында 6 млрд теңгеге 107 көп қабатты үй салынған. 2008 жылы 498 пәтерден тұратын 22 үй пайдалануға берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар