"Мәселен, "Астана-Финанс" барлық құжаттары дайын, 10 пайыздық бастапқы жарнасын төлеген 14 азаматқа несие бере алмай отыр", -деді тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор төрағасы Гүлнар Әшірбаева.
Қала әкімі Арман Жетпісбаев банкирлер бір аптада несиелендірудегі проблемаларды жоймаса, әкімдік шара қолданады, деп ескертті.
Әкімдіктің мәліметінше, 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша салынып жатқан "Нұрсәт" ықшамауданында 6 млрд теңгеге 107 көп қабатты үй салынған. 2008 жылы 498 пәтерден тұратын 22 үй пайдалануға берілді.