Шымкентте миллион долларлық тірі контрабанда ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте миллион долларлық тірі контрабанда ұсталды

Шымкентте миллион долларлық тірі контрабанда ұсталды

Шымкент әуежайында миллион долларлық тірі контрабанда ұсталды! Біреулер қызыл кітапқа енген 24 қаршығаны Дубайға жөнелтпекші болған.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 255
Фото - Caravan.kz

Шымкент әуежайына тиесілі Тойота көлігі ешқандай кедендік бақылаудан өтпей, қызметтік дәліз арқылы құны қымбат құстар тиелген екі шабаданды ұшаққа өткізе салмақшы болған екен. Тек, ұшақ жанында тұрған шекарашылар мен кеден өкілдері шабаданды ашып көрген кезде жағасын ұстапты. Екі сөмке ішінде нығыздалып байланып, ауыздарына дыбыс шығармас үшін түтік тығылған 24 бағалы құс шығыпты. Әрқайсысының қара нарықтағы құны 50 мың долларға жетеді екен. Қазір, шабадандар қалайша әуежайға тиесілі көлікте болғаны, сондай-ақ қымбат құстарды Дубайдан күтіп алмақшы болғандардің кімдер екені анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар