Шымкентте наурыздың аяғында алғаш рет "Театр көктемі-2007" атты халықаралық фестиваль өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте наурыздың аяғында алғаш рет "Театр көктемі-2007" атты халықаралық фестиваль өтеді

Шымкентте наурыздың аяғында алғаш рет "Театр көктемі-2007" атты халықаралық фестиваль өтеді

ШЫМКЕНТ. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Шымкентте 27-30-наурызда алғаш рет "Театр көктемі-2007" атты халықаралық фестиваль өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бас маманы ГауҺар Төлепова хабарлады.

  • 26 Наурыз 2007
  • 581
Фото - Caravan.kz

Г.Төлепованың айтуынша, Халықаралық театр күніне орайластырылған «Театр көктемі-2007» халықаралық фестивальға жеті театр труппасы қатысады.

«Өзбекстаннан Юсуп Ражабий атындағы Жызақ облыстық театры, Қырғызстаннан «Учур» жастар театры, ал Алматыдан жасөспірімдер театры мен «Ақ сарай» мюзикл театры қатыспақ. Сондай-ақ, көршілес Қызылорда облысының театр труппасы келгелі отыр», -деді Г. Төлепова. » Оңтүстік Қазақстан облысынан фестивальға екі театр атсалысады», — деді ол.

Фестиваль бағдарламасы мерекелік қойылыммен басталады. Бұдан кейінгі күндері фестивальға қатысушылар көрермендер мен қазылар алқасының назарына өз қойылымдарын ұсынады.

«Фестиваль қорытындысы бойынша «Таңдаулы спектакль», «Таңдаулы режиссерлік жұмыс», «Ең таңдаулы ер адам ролі», «Ең таңдаулы әйел ролі», «Таңдаулы суретші-сценографист» секілді аталымдар бойынша таңдаулы қатысушы іріктеледі «, — деді Г. Төлепова.

Бас маманың хабарлауынша, фестивальдың жабылуынан кейін Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, бірінші кәсіби театр сыншысы Әшірбек Сығайдың 60 жылдық мерейтойы өтеді.

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында алты театр жұмыс істейді. «Халықаралық театр күніне орай облыс әкімі жетінші театр- опера және балет театрын құру туралы қаулыға қол қояды деп күтіп отырмыз»,- деді Г.Төлепова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті