Шымкентте "Нұрсәт" ықшам ауданының құрылысын салып жатқан жұмысшылардың наразылық акциясы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "Нұрсәт" ықшам ауданының құрылысын салып жатқан жұмысшылардың наразылық акциясы өтті

Шымкентте "Нұрсәт" ықшам ауданының құрылысын салып жатқан жұмысшылардың наразылық акциясы өтті

Бүгін, 9-тамызда Шымкентте "Нұрсәт" ықшам ауданының құрылысын салып жатқан жұмысшылардың наразылық акциясы өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Тамыз 2005
  • 455
Фото - Caravan.kz

Көп қабатты бір үйдің құрылысын салып жатқан жұмысшылар жалақы берешегін өтемейінше жұмысқа шығудан бас тартты. Құрылысшылар 2005-жылдың мамыр айынан бері жалақы алмадық деп мәлімдеді.

Бұл нысанның құрылысын салып жатқан «Әлемқұрылыс» компаниясының басшылығы бұл жағдайды мамырға дейін үздіксіз бөлініп келген бюджет қаржысының кейінгі кездері үзіліспен беріле бастауымен түсіндіруге тырысты. Сонымен бірге осы бригада атқарған жұмыс көлемі әзірге қабылданбаған.
Алайда құрылысшылармен сұхбаттан кейін компания басшылығы жалақыны аптаның аяғына дейін төлеуге уәде берді. Осыдан кейін нысандағы құрылыс жұмыстары одан әрі жалғасты.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес салынып жатқан «Нұрсәт» ықшам ауданындағы алғашқы 23 үй тамыздың аяғында пайдалануға берілуі тиіс. Ал шын мәнінде оларды пайдалануға беру мерзімі биылғы көктемге межеленген-тұғын. Облыс әкімі соңғы өткен штаб жиналысында кейбір үйлердің небәрі 50 процент қана дайын болғанын айтып, құрылыс компанияларының жұмысын қатаң сын тезіне салған.

Перейти к новостям спорта