Шымкентте облыстық аң және орман шаруашылығы басқармасының бастығы жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте облыстық аң және орман шаруашылығы басқармасының бастығы жараланды

Шымкентте облыстық аң және орман шаруашылығы басқармасының бастығы жараланды

Шымкентте 28-қыркүйекте түнгі сағат 2-де облыстық аң және орман шаруашылығы басқармасының бастығы Нұрлан Сейітжаппаровты әлдебіреулер оқ атып жарақаттап кеткен. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенімді ақпарат көзінен хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 460
Фото - Caravan.kz

Н. Сейітжаппаровтың белі мен ішінен көп оқ тиіп жарақаттану салдарынан аш ішегі мен бауырына ақау келген. Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген оған облыстық аурухананың бас дәрігері Мәди Биғалиев операция жасады. Қазір Н.Сейітжаппаровтың ахуалы тұрақты ауыр деп бағалануда, бір қуанарлығы, өміріне тікелей қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция басшылығы әзірге бұл оқиға туралы ешбір түсініктеме бермей отыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, қазір аталмыш мәселе бойынша мәжіліс өткізілуде.
Н.Сейітжаппаров облыстық аң және орман шаруашылығы басқармасының бастығына осыдан бір жыл бұрын тағайындалған. Осы мерзімде ол мекеме жұмысына түбегейлі өзгерістер енгізді. Айталық, балықшылар мен аңшылар қоғамы барлық алқаптарды басыбайлы иемденуін доғарып, аумақтар тендер бойынша жеке меншік құрылымдарға таратып берілген. Ал тамыз айында облыс бойынша балық аулаумен айналысушы барлық ұйымдардың лицензиясы қайтарып алынды. Алдағы уақытта сулы алқаптарды да тендерге қою көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар