Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 30-қаңтарда департамент қызметкерлері облыстық салық комитетінің әкімшілік ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облысының салық комитетінің аудит басқармасының бас маманын құрықтаған. Ол кәсіпкерден 7 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған. Шенеулік мұндай соманы жеке кәсіпкерге ЖШС-ті таратуға қажетті құжаттарды дайындау процессін жеделдетуге көмектескені үшін боспалаған.
Осы күні аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағы бойынша (ірі көлемде пара алу) қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш бап ұсталғанның мүлкі тәркіленіп жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Ұсталған Қазақстан Республикасының тергеу изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті