Шымкентте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкентте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкент. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте кеше облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі құқық қорғау органдарына жақын ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 23 Қазан 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы өзінің жұмыс бөлмесінде 120 мың теңге көлемінде пара алып жатқан кезде қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түскен.

Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамағанымен, оны жоққа да шығарған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар