Шымкентте оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, курсанттар зардап шекті. Қалалық ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Оқиға ҚР Ішкі істер министрлігі Бауыржан Момышұлы оқу орталығында орын алған.
«Бұл факт жоспарлы оқу іс-шараларын өткізу кезінде болды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тексеру жүргізіледі. Қазіргі уақытта екі курсант медициналық мекемеде емделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты», — делінген ПД хабарламасында.