Шымкентте Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің тестілеу қорытындысына мониторинг жүргізу зертханасының меңгерушісі өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің тестілеу қорытындысына мониторинг жүргізу зертханасының меңгерушісі өлтірілді

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің тестілеу қорытындысына мониторинг жүргізу зертханасының меңгерушісі өлтірілді

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің тестілеу қорытындысына мониторинг жүргізу зертханасының меңгерушісі өлтірілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2004
  • 462
Фото - Caravan.kz

50 жастағы Светлана Ерімбетованы 7-ақпанда, сенбі күні кешкі сағат 18-де өзінің жұмыс бөлемінде әлдебіреу өлтіріп кеткен.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің бір қызметкерінің KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, зертхана меңгерушісінің жұмыс бөлмесі университеттің бірінші қабатында орналасқан. Жаналғыш бөлмеге кіріп келген кезде ол жалғыз отырған. Алдын-ала болжам бойынша, әйел есікке арқасын беріп отырған сыңайлы. Оқ тиген әйел жүгірген бойда есікке жете беріп құлаған. Оқиға орнына жеткен университет қызметкерлері оны жүрек ақауынан құлады деп ойласа керек. Университеттің баспахана кешенінде жұмыс істейтін жұбайы келіп көтеріп алмақ болған сәтте ғана оның арқасындағы қан дағын көрген.
Тапанша дауысын көршілес бөлмедегілер естіген көрінеді. Қара күртеше киіп, қолына тапанша ұстап қашып бара жатқан еркекті (жасөспірімді) көріп қалғандар да бар.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің басшылығы болған оқиға туралы түсініктеме бермей отыр.
Студенттердің айтуынша, қаза болған әйел өзінің ымыраластыққа бармайтын бірбеткейлігімен ерекшеленген.

Соңғы жаңалықтар