Шымкентте оқ тиген бір жасөспірім қаза тапты- нақтыланған нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте оқ тиген бір  жасөспірім қаза тапты- нақтыланған нұсқа

Шымкентте оқ тиген бір жасөспірім қаза тапты- нақтыланған нұсқа

Шымкенттегі бір мектептің ауласында оқ тиген бір жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Тамыз 2005
  • 377
Фото - Caravan.kz

Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, басынан оқ тиіп жараланған жасөспірім тамыздың 7-сінен 8-іне қараған түні №34 мектептің ауласынан табылған. Ол жәдел жәрдем көлігі келмей жан тапсырды.

Қазір қарудың түрін анықтау үшін баллистикалық сараптама жүргізілуде. Жәбірленуші жасөспірімдердің қылмыстық топтары арасындағы кикілжіңнің құрбаны болған-ау деген жорамал айтылуда.
Жасөспірім биыл 9-сынып бітіріп, оқуын кәсіптік техникалық мектепте жалғастыруға ниет етіп жүрген. Тәртіп сақшылары бұл — биылғы осындай алғашқы оқиға деп отыр.

Перейти к новостям спорта