Жарияланды: 590

Шымкентте ОҚО ҰҚКД қызметкерлері қалалық әкімдіктің екі қызметкерін ұстады

Шымкент. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте ОҚО ҰҚКД қызметкерлері қалалық әкімдіктің екі қызметкерін 600 мың теңге пара алған сәтте ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі мен Шымкент әкімі аппаратының әдістемешісі аталған ақшаны облыс орталығы тұрғынының сеніміне кіру және алдау арқылы жер телімін бөлу мәселесі бойынша оң шешім шығаруға уәде бере отырып алған. Бұл дерек бойынша ОҚО ҰҚКД тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабының 3-тармағының "б" тармақшасы (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталғандар ОҚО ҰҚКД тергеу абақтысына қамалды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін