Шымкентте ОҚО ҰҚКД қызметкерлері заңсыз есірткі сатқаны және қару алып жүргені үшін іздеуде болған екі күдіктіні ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ОҚО ҰҚКД қызметкерлері заңсыз есірткі сатқаны және қару алып жүргені үшін іздеуде болған екі күдіктіні ұстады

Шымкентте ОҚО ҰҚКД қызметкерлері заңсыз есірткі сатқаны және қару алып жүргені үшін іздеуде болған екі күдіктіні ұстады

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың 9 тамызында ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу-жедел тобы заңсыз есірткі сатқаны үшін іздеуде болған айыпталушыны ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Тамыз 2008
  • 331
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оған қатысты қылмыстық істі ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қозғаған болатын.

Онымен бірге бұған дейін сотталған тағы бір азамат ұсталды, одан «ТТ» маркалы тапанша оқ-дәрілерімен бірге тәркіленді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған екеуі де ҰҚКД тергеу изоляторына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар