№54 мектептің 34 оқушысы, бір педагог және техникалық қызметкер зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"24 адамға көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қалғандары ем алып жатыр. Зардап шеккендер улану белгісімен келді, кейбіреулері құсты", — деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Otyrar.kz дерегі бойынша, улану анықталмаған иістен болған.
"Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Газ компаниясының қызметкерлері мектеп пен автономды қазандықты мұқият тексеріп, табиғи газдың сыртқа шығуын тексерді, бірақ ештеңе таппады. Улану тек бір ғана сыныпта емес, әртүрлі сынып оқушыларында байқалды. Бөлмеде және мектеп алаңында жағымсыз иіс сезілген. Балалардың жағдайы алаңдаушылық тудырмайды. Кейбір оқушылар ауруханадан шығарылып, үйлеріне қайтарылды", — деді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Ақерке Абылайхан.