Шымкентте отбасындағы кикілжің салдарынан әйелі мен балдызын атып тастаған полиция сержанты өзін-өзі өлтірмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте отбасындағы кикілжің салдарынан әйелі мен балдызын атып тастаған полиция сержанты өзін-өзі өлтірмек болды

Шымкентте отбасындағы кикілжің салдарынан әйелі мен балдызын атып тастаған полиция сержанты өзін-өзі өлтірмек болды

Шымкентте отбасындағы кикілжің салдарынан әйелі мен балдызын атып тастаған полиция сержанты өзін-өзі өлтірмек болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 1 Маусым 2004
  • 957
Фото - Caravan.kz

«Сәуле» ықшамауданындағы үйлердің бірінде атыс үні естіліп жатыр деген суыт хабар полицияға 31-мамыр күні түстен кейін келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары үйдің аулысында жүрген қарулы адамды көреді. Құқық қорғау органы қызметкерлерімен келіссөз жүргізуден бас тартқан әлгі тек өзінің төрт баласын (ең кішісі үш жаста) әкеліп беруді талап еткен. Тәртіп сақшыларымен келіссөздер кезінде ер адам өзінің басынан өзі атып жіберді.

Тәртіп сақшылары үй ішінен қаза тапқан бір әйел мен еркектің мәйітін және атылып өлген итті тауып алды.
Шұғыл тексеру барысында белгілі болғанындай, 43 жастағы полиция сержанты отбасындағы кикілжің салдарынан өз иелігіндегі табельді қарудан 39 жастағы әйелі мен 42 жастағы балдызын атып тастаған.
Қазір жараланған тәртіп сақшысы жедел жәрдем ауруханасының реанимация бөлімінде әл үстінде жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.