Шымкентте өткен ІІІ республикалық параолимпиадалық ойындардан оралдықтар олжалы оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өткен ІІІ республикалық параолимпиадалық ойындардан оралдықтар олжалы оралды

Шымкентте өткен ІІІ республикалық параолимпиадалық ойындардан оралдықтар олжалы оралды

Шымкент қаласында өткен ІІІ республикалық параолимпиадалық ойындардан оралдықтар олжалы оралды.

  • 11 Қазан 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

Аталмыш жарысқа ел аймақтарынан 500-ден астам спортшы қатысып, жүзу, пауэрлифтинг, нысана көздеу, жеңіл атлетика, отырып волейбол ойнау, үстел теннисінен 523 медаль жиынтығын сарапқа салды.

БҚО намысын су спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілері жүзуден абыроймен қорғады. Әсіресе, 1997 жылғы Руслан Өтебалиев халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанып, төрт алтын медальды жеңіп алды. 1995 жылғы Диас Рахымбергенов бірінші спорттық разрядшы атанып, күміс және қола жүлдені еншіледі. Осындай атақты иеленген 1992 жылғы Руслан Бегінәлиев екі алтын, бір күміс жүлдеге қол жеткізді. Олардың бәрі де — Нұрлан Мерғалиевтің шәкірттері.

Аталмыш жарыс 2012 жылы Лондонда өтетін параолимпиадалық ойындарға қатысуға мүмкіндік беретін жолдаманы иелену жолындағы дайындық кезеңі болып табылады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера