Шымкентте өткен республикалық айтыста батысқазақстандық Ж.Мусина бас жүлдені еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өткен республикалық айтыста батысқазақстандық Ж.Мусина бас жүлдені еншіледі

Шымкентте өткен республикалық айтыста батысқазақстандық Ж.Мусина бас жүлдені еншіледі

Шымкент қаласында Абылай ханның 300, Төле бидің 350 жылдығына арналған республикалық айтыс мәреге жетті.

  • 18 Наурыз 2013
  • 657
Фото - Caravan.kz

Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілетін дәстүрлі айтысқа республика өңірлерінен барлығы 26 ақын қатысып, жүлдені сарапқа салды.

Сайыс қорытындысында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты Жансая Мусина Абылай хан атындағы бас жүлдені жеңіп алып, «Тойота Камри 50» автокөлігін тақымына басты. Төле би атындағы бас жүлде шымкенттік Біржан Байтуовқа бұйырды. Сондай-ақ шымкенттіктер Бекарыс Шойбеков — бірінші, Нұрлан Есенқұлов пен жамбылдық Қанат Мырзаханов — екінші, астаналық Айнұр Тұрсынбаева, қызылордалық Мұхтар Ниязов, шымкенттік Маржан Есжанова үшінші жүлдені еншіледі.