Шымкентте Өзбекстандық төрт азамат алаяқтығы үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте Өзбекстандық төрт азамат алаяқтығы үшін ұсталды

Шымкентте Өзбекстандық төрт азамат алаяқтығы үшін ұсталды

Шымкентте Өзбекстандық төрт азамат алаяқтығы үшін ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 480
Фото - Caravan.kz

Алаяқтар қаладағы бір танымал фирманың атынан лотереялар өткізіп, жүлдеге тұрмыстық техникалар үлестіруге деп уәде берген. Алдын-ала ойластырылған қитұрқы жоспарға сәйкес, жеме-жемге келгенде жүлдені таратар тұста жеңімпаздар екі адам болып шыға келетін көрінеді. Сол кезде үміткерлерге кім ақша көп берсе, дауда сол жеңеді деген талап қойылады. Екінші «жеңімпаздың» ролін алаяқтардың бірі атқарып келген. Полицияның ақпаратына сәйкес, кей жағдайда алдауға ұшыраған азаматтар осындай дауда мың долларға дейін ұтылып отырған.

Қазіргі жағдаймен тәртіп сақшылары алаяқтыққа қатысты 4 деректі анықтады. ҚР Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» туралы 177-бабына сәйкес төрт бірдей қылмыстық іс қозғалды.
2002-жылы жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан облыстық полиция қызметкерлері алаяқтығы үшін Өзбекстандық 12 азаматты ұстады.

Соңғы жаңалықтар