Бұл туралы 24.кз хабарлады.
Ұйымдасқан топ мүшелері болашақ шенеуніктерге ақылы негізде қызмет көрсеткен. Айыпталушылар бұл әрекеттерін 2013 жылдан бастаған. Және еліміздің барлық аумағында, яғни Астана мен Алматыдан бастап Ақтөбе, Қызылорда мен Көкшетау және Тараз қалаларында да ақылы қызмет көрсеткен көрінеді. Осы аралықта олардың көмегімен 148 азамат мемлекеттік қызметке орналасқан. Ұйымдасқан топ мүшелері әрбір әрекеті үшін 2-3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып отырған дейді Әл-фараби аудандық сотының судьясы Еркін Оспанов. Топтың жымысқы әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті әшкерелеген болатын. Даулы істі қарау өткен жылдың күзде басталған еді. Оларға қатысты ҚРҚК бірнеше бабы бойынша айып тағылған болатын. Істі қараған судья Еркін Оспановтың мәлімдеуінше, топ серкесі ҚР ҚК 262 бабының 1 тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айрылып, дүние-мүліктері тәркіленген. Ал,оның қасында ұйымдастырушылықпен айналысқан екінші азамат та дәл осындай жазаға кесілген. Осы іске қатысы бар тағы алты азамат 5 жылға сотталған. Олар мерзімін жалпы режимдегі түрмеде өтейді. Ал, қалған 11 адамның ісі қысқарды, — дейді судия Еркін Оспанов.