Шымкентте пиротехникалық құрылғыларды жасау барысында жас жігіт ауыр жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте пиротехникалық құрылғыларды жасау барысында жас жігіт ауыр жарақаттанды

Шымкентте пиротехникалық құрылғыларды жасау барысында жас жігіт ауыр жарақаттанды

ШЫМКЕНТ. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкентте пиротехникалық құрылғыларды жасау барысында бір жас жігіт ауыр жарақаттанды, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

  • 5 Қаңтар 2007
  • 479
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны пиротехникалық құрылғыны өзі жасамақ болған, бірақ құрылғы оның қолында жарылып кеткен. Соның салдарынан жігіттің сол қолы білек тұсынан жұлынып, оң қолы мен иығы күйіп қалған. Зардап шегуші медициналық жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Оған операция жасалды, науқастың ахуалы бірқалыпты деп бағалануда.

Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекеде от шашатын заттар мен петардтардан 12 бала мен жасөспірімдер көз жарақатын алған. «Жарақат салдарынан көз жанарынан толығымен айрылған балалар да бар»,- деп хабарлады журналистерге облыстық офтальмологиялық аурухананың дәрігері Ахмет Кулиев. Оның сөзіне сүйенсек, зардап шегушілердің біразы пиротехниканы өздері қолданбаған, басқа адамдар лақтырған петардалардан жарақаттанған көрінеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта