Шымкентте прокуратура қызметкерінің кәмелеттік жасқа жетпеген қызды соққыға жығу дерегі бойынша сот мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 529.99
  • 546.63
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте прокуратура қызметкерінің кәмелеттік жасқа жетпеген қызды соққыға жығу дерегі бойынша сот мәжілісі басталды

Шымкентте прокуратура қызметкерінің кәмелеттік жасқа жетпеген қызды соққыға жығу дерегі бойынша сот мәжілісі басталды

Шымкент қалалық соты 14 жасар Анна Пактың шағымы бойынша сот мәжілісін бастады. Онда кәмелеттік жасқа жетпеген қыз Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық прокурорының орынбасары өзін соққыға жықты деп айыптаған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Сәуiр 2004
  • 497
Фото - Caravan.kz

Дау-жаңжал былтырғы жылдың шілде айында болған. А.Пактың айтуынша, сол күні ол немере ағасының шақыруымен Оңтүстік Қазақстан облысы Т.Рысқұлов атындағы аудандағы «Бекасина» кафесінде өткен туған күн тойына барған. Кафе аумағында қызды үш жігіт соққыға жықса керек. Ауруханаға талықсыған күйде жеткізілген қызға жабық бас жарақаты, ми шайқалу, кеуде қуысының зақымдануы, оң жақ бел жарақаты, оң жақ бүйрек жарақаты, басы мен қол-аяғының көп жері қанталау тәрізді диагноз қойылған. Ал Алматыда өткізілген тексерулер барысында жәбірленушінің көк бауыры мен сол жақ бүйрегінде гематома түзілгені анықталды.

Оқиға куәгерлері қызды соққыға жыққандардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық прокурорының орынбасары екенін танығанымен, ол қылмысты мойнына алудан бас тартқан.
Жәбірленушінің ата-анасы болса, тергеу барысында айыпкер тарапынан оқиға куәгерлеріне қысым көрсетілді деген уәж айтады.