Шымкентте прокуратура заңсыз дінтаратушы ұйымды тапты - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте прокуратура заңсыз дінтаратушы ұйымды тапты

Шымкентте прокуратура заңсыз дінтаратушы ұйымды тапты

Шымкент. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенттің Абай аудандық прокуратурасы заңсыз протестанттық бағыттағы дінтаратушы ұйымды тапты. Бұл туралы агенттік тілшісіне Абай аудандық прокуратурасының көмекшісі Ақмарал Ізтаева хабарлады.

  • 8 Тамыз 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

Прокурор көмекшісінің айтуынша, Шымкентте жалға алған пәтерде Тауратты зерттеуге бағытталған заңсыз діни сабақтар құпия түрде өткізіліп келген.

«Үйірменің барлық мүшелері шетелдіктер болған, олар елімізге келген кезде өз сапарының мақсатын дұрыс көрсетпеген. Ал дінді уағыздаушының өзінде елімізде дінтаратушылықпен шұғылдануға берілген рұқсаты болмай шыққан», — деді А. Ізтаева.

Үйірмеге мүше 17 адамның екеуі — Ресей азаматы, 15 адам — Өзбекстан азаматтары болған, олардың 10 — ер адамдар, 7 — әйел.

«Олар түрлі қалалардан келген, түрлі шіркеулердің уағызшылары болған, бұл жерде олардың не туыстары, не таныстары жоқ. Бұл дінтаратушыларды дайындайтын оқыту семинары болған», -деді прокурор көмекшісі.

Арнайы мамандандырылған әкімшілік сот заңсыз ұйымның барлық мүшелеріне әкімшілік жаза- 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл жүктеуге, әріқарай оларды елден қудалауға қаулы қабылдады. Қудалаудан бұрын еркектер қамауда отырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар