Қалалық әкімшілік пен еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы бірлесе ұйымдастырған «Шын жүректен» атты шара бір айға созылды. Осы уақыт ішінде кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер мүгедек жандарға 16 млн. 235 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегін көрсетті. Шара барысында нақты жомарттық белгісін «Южполиметалл» АҚ көрсетіп, бір мүгедекке Қытайдағы ауруханада операция жасатуға 3 млн. теңге бөлді.
4-желтоқсан, сенбіде жергілікті телестудияның ұйымдастыруымен «Шын жүректен» шарасының соңғы кезеңі өткізілді. Телемарафон барысында қолма-қол ақша түрінде 452 мың теңге түсіп, есепшотқа 1 млн. 73 мың теңге аударылып, күнделікті тұтыным тауары түрінде 120 мың теңге берілді.
Шымкентте 13 мың мүгедек бар, олардың 2 мыңы — балалар.