Жарияланды: 970

Шымкентте Қала күні мерекесі басталды

Шымкент. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 16-18 қазанда Қала күні мерекесі басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мереке кеше қаланың бір ықшамауданында балалар алаңын ашудан басталды. Бұдан кейін қалалық әкімдіктің мәжіліс залында "Еуразиядағы көне және орта ғасырлардағы урбанизация және Шымкент қаласының жасы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бүгін Шымкентте түрлі көшелер, балалар алаңдары мен медициналық салонның ашылуы өтеді. Қала күніне орай басты салтанаттар ертең басталады. Қала тұрғындары бауырсақ мерекесінде болып, Шымкент тарихында алғаш рет жасалтын 500 адамға арналған торттан дәм татады. Кешке Әл-Фараби алаңында КВН-шоу өтеді. Қаланың түрлі аудандарында концерттік бағдарламалар мен қойылымдар өтеді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін