Шымкентте қарулы қылмыскерлер кәсіпкердің пәтеріне басып кіріп үш адамды атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қарулы қылмыскерлер кәсіпкердің пәтеріне басып кіріп үш адамды атып өлтірді

Шымкентте қарулы қылмыскерлер кәсіпкердің пәтеріне басып кіріп үш адамды атып өлтірді

Шымкентте қарулы қылмыскерлер кәсіпкердің пәтеріне баса көктеп кіріп, ондағы төрт адамға қаратып оқ жаудыру салдарынан үш адам оқиға орнында мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент полициясының 1-бөлімінің аға уәкілетті өкілі Мақаш Тастанов хабарлады.

  • 3 Наурыз 2004
  • 349
Фото - Caravan.kz

Қаланың 16-шы ықшамауданындағы өз пәтерінде 59 жастағы жеке кәсіпкер Анатолий Нарежный, 1950-жылы туған оның әйелі Наталья Нарежная мен кәсіпкердің 1924-жылы туған анасы Валерия Аношкинаны қылмыскерлер атып кеткен. Қылмыс болған кезде сол үйде отырған отбасының жолдас әйелі төрт жерден оқ тиген ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, пәтерге басып кіріп оқ ата бастағандар екі адам көрінеді. Сараптама қорытындысы оқтардың қолдан жасалған дыбыс тұншықтырғышы бар «Макаров» тапаншасынан атылғанын көрсетіп берген. Атыс кезінде ақау салдарынан дыбыс тұншықтырғыш жарылып кеткенге ұқсайды. Оқыс оқиға орнынан 9 мм-лік екі оқ пен бес гильза табылды.
Алдын-ала жорамал бойынша, ауыр қылмыс тонаушылық мақсатында жасалған болуы мүмкін. Ерлі-зайыпты Нарежныйлар автокөліктің қосалқы бөлшектерін сатумен шұғылданған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар