М.Тасовтың айтуынша, биылғы жылдың ақпан-наурыз айларында Шымкент полициясының 1-бөліміне бірнеше тұрғын шағым түсірген. Олардың уәжіне жүгінсек, «Ергеш капитал» фирмасының директоры олардан бір айдың ішінде салымдарын 100-150 проценттік өсімақымен қайтарып беремін деп ірі көлемде қаржы жинап алған. Алайда, уағдалы мерзім аяқталғанымен, директор орындамаған.
Тергеу барысында белгілі болғанындай, кәсіпкер осындай жолмен 7 млн. теңге иемденіп алған. Алайда, полицияға арыз беруші алданған азаматтардың саны азаймай отырғанына қарағанда, алаяқтық мөлшері бұл санмен шектеліп қалмайтын түрі бар.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.