Шымкентте "қаржы пирамидасын" құрушы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "қаржы пирамидасын" құрушы ұсталды

Шымкентте "қаржы пирамидасын" құрушы ұсталды

Шымкент қаласындағы бір фирманың басшысы азаматтардың ірі көлемдегі ақшасын алдап алғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент полициясының 1-бөлімінің аға тергеушісі Мүслім Тасов хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2004
  • 319
Фото - Caravan.kz

М.Тасовтың айтуынша, биылғы жылдың ақпан-наурыз айларында Шымкент полициясының 1-бөліміне бірнеше тұрғын шағым түсірген. Олардың уәжіне жүгінсек, «Ергеш капитал» фирмасының директоры олардан бір айдың ішінде салымдарын 100-150 проценттік өсімақымен қайтарып беремін деп ірі көлемде қаржы жинап алған. Алайда, уағдалы мерзім аяқталғанымен, директор орындамаған.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, кәсіпкер осындай жолмен 7 млн. теңге иемденіп алған. Алайда, полицияға арыз беруші алданған азаматтардың саны азаймай отырғанына қарағанда, алаяқтық мөлшері бұл санмен шектеліп қалмайтын түрі бар.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар