Шымкентте қазақша ет асудан жарыс өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қазақша ет асудан жарыс өтті

Шымкентте қазақша ет асудан жарыс өтті

Үлкен асты даярлау үшін 20 этнос өкілдері 20 қой сойып, таңертеңнен дәм қамына кіріскен. 20 қазанда балбырап піскен етті сыйлы қонақтардың алдына тартқан ассамблея мүшелері сонымен қатар мақал-мәтел айтысып, қазақтың ет тартқандағы жөн-жоралғысымен де таныстырды.

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 192
Фото - Caravan.kz

Түрлі ұлт өкілдері таңертеңнен үлкен әбігерге түсіп жатыр. Бірі кеше сойған етті таңатпай қазанға салса, енді бірі жас малды бүгін сойып әуре. Иран этно-мәдени орталығы бүгінгі фестивальға дайындық жүргізгеніне біраз болыпты. Соятын малды да бірнеше апта іздеген.

Махсуд Наврузи, Иран этно-мәдени орталығының мүшесі:

-Осы сойған қойымыз біздің осы Отырар ауданынан. Отырар ауданының малы өте дәмді болады. Еттері тәтті болады. +Осы бешбармақпен енді 30-40 адамды тамақтанады-ау деймін. Беймарал жетеді 30-40 адамға.

Ерлер жағы қазан басында ет асып, бабына жеткізсе әйелдер асханада нан илеп жүр. Мұнда жайманың да түр-түрін көруге болады. Кей қыз-келіншектер сүт-айранға илесе, бірі көкөніс шырынына илейді екен.

Жансая Мұсалханова, Татар этно-мәдени орталығының мүшесі:

-Асқабақтың согына иленген біздікі. Асқабақтың согын шығарамыз. Екі жұмыртқа саламыз, тұз саламыз. Түсін жоғалтпайды. Піскенде дәмді шығады.

-Қазір ас үйде соңғы дайындықтар жүруде. Бабына жетіп піскен жаймамен, балбыраған ет табақтарға салынып жатыр. Санаулы сәттерден соң үлкен ас қонақтарға тартылатын болады. Ал, асханадағы иісті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

20 этно-орталықтың асқан 600 келі еті залға лық толы қонақтар алдына тартылды. Ал, қазылар алқасы әр мәдени орталықтың асын ғана бағалап қоймай, сонымен бірге астың жөн-жоралғысында сұрап жүр. Мүдіргендерді де аяп жатқан жоқ.Ас даярлаудан да, салт-дәстүрден де алдына жан салмаған кәріс диаспорасы бүгін бас жүлдеге ие болды. Олар асқа қазақша бата беруімен ерекшеленіпті. 

Соңғы жаңалықтар