Бұл жол апатына «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының түсіру тобы куә болды, деп хабарлайды Otyrar.kz. Тілшілердің көз алдында жедел жәрдем бригадалары жарақат алған 7 жолаушыны қалалық ауруханаларға алып кетті.
Өзге де куәлердің айтуынша, екі көлік соғысқан сәтте шағын автобустың терезесінен адамдар сыртқа құлаған. Қазір жол апатының орнында полиция анықтаушылары мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс істеуде.