Шымкентте қоғамдық көліктердің тапшылығы сезілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте  қоғамдық көліктердің тапшылығы сезілуде

Шымкентте қоғамдық көліктердің тапшылығы сезілуде

Шымкент. 4-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкент тұрғындары қоғамдық көліктердің жетіспеушілігін сезінуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 4 Қаңтар 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімшіліктің мәліметтеріне сүйенсек, мерекеден кейінгі күндері қала көшелеріне автобустар мен бағытты таксилердің жартысынан көбі ғана шығуда. «Қазіргі уақытта қала бойынша 22 735 «айналымда» (маршрут бойынша толық айналу) қызмет көрсетілуге тиіс, бірақ Жаңа жылдан кейінгі соңғы екі-үш күнде 12 778 «айналымда» ғана қызмет көрсетіліп отыр, яғни 57 пайыз», — деп хабарлады журналистерге қалалық көлік және коммуникация бөлімінің бастығы Жандос Байырханов.

Мамандар бұндай жағдайдың суық түсіп, қар жауған кезде жыл сайын қайталанатындығын айтып отыр.

Қала әкімшілігі желідегі машиналар санын азайтып отырған автокөлік компанияларына қозғалыстың дұрыс кестесін қайта қалпына келтіруді талап ететін нұсқау жолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта