Шымкентте қосалқы электр станцияларын сатуға наразылық ретінде троллейбустардың қозғалысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қосалқы электр станцияларын сатуға наразылық ретінде троллейбустардың қозғалысы тоқтатылды

Шымкентте қосалқы электр станцияларын сатуға наразылық ретінде троллейбустардың қозғалысы тоқтатылды

Бүгін, 6-қазанда Шымкентте бірде-бір троллейбус жолға шыққан жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Троллейбус паркі" АҚ-ның атқарушы директоры Алтынай Әшірова хабарлады. Бұл шара паркке қарасты қосалқы 4 электр станциясын сатуға наразылық ретінде өткізіліп отыр.

  • 6 Қазан 2003
  • 473
Фото - Caravan.kz

Троллейбус желілерін тоқпен қамтамасыз етуші 4 қосалқы электр станциясын сатуға бағытталған аукцион өткен аптаның соңында өткізілді. Бұл станциялар салық берешегін өтеу үшін 3 млн. 600 мың теңгеге сатылған. Ендігі жерде қосалқы станциялар облыстық әкімшіліктің көлік және коммуникациялар басқармасының иелігіне өтіп отыр.

А.Әшірованың хабарлауынша, кәсіпорынның бюджет алдындағы, жалақы және электр қуаты үшін берешегі 2-қазанға дейін өтелгеніне, және ол құжат негізінде дәлелденгеніне қарамастан аукцион өткізілген. Қаржылық борышқорлармен жұмыс істеу жөніндегі орталық берешектің өтелу дерегін мүлдем ескерген жоқ дейді атқарушы директор.
«Шымкент троллейбус паркі» ААҚ-ның басшылығы аукцион қорытындысына келіспеушілік танытып отыр. Бүгін парк қызметкерлернің жиналысы өтіп, онда басқарушы мекемелерге қарызы жоқ кәсіпорынды не себепті берешек үшін сатқандығы туралы түсініктеме беруді өтініп хат жолдау жөнінде шешім қабылданды. А.Әшірованың айтуынша, бұл сауалға нақты жауап берілмесе, парк ұжымы наразылық шарасын өткізу жөнінде мәлімдеме жолдамақшы.
№1 троллейбус паркі бұған дейін қаланың коммуналдық шаруашылығында болған. 1999-жылы Шымкент әкімшілігі паркті жекешелендірді. А.Әшірованың айтуынша, сол тұста кәсіпорынның бюджет алдындағы, жалақы және электр қуаты үшін берешегі 30 млн. теңгені құраған.
Қазіргі таңда кәсіпорынның ешбір берешегі жоқ. Парк иелігінде үш бағытта қызмет көрсететін 28 көлігі бар. Троллейбуспен қатынау жолақысы 10 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар